ҚИнЭУ және «El Optica» компаниясы арасындағы келісім
Бүгін, 2025 жылдың 19 ақпанында ҚИнЭУ және «El Optica» компаниясы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Келісімге сәйкес, студенттер офтальмология саласында тәжірибеден және тағылымдамадан өтіп, сондай-ақ бірлескен білім беру және әлеуметтік бастамаларға қатысу мүмкіндігіне ие болады. Бұл олардың кәсіби дағдыларын жетілдіруге, жұмыс тәжірибесін жинауға және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына әсер етеді. Университет пен «Еl Optica» арасындағы байланыстарды орнатуда ҚИнЭУ мансап және бизнес-көшбасшылық орталығы шешуші рөл атқарды. Олардың белсенді көмегі мен қатысуының арқасында маңызды құжатқа қол қойылды.
Комментарии