ҚИнЭУ марапаттары
Бүгін, 2025 жылдың 2 сәуірінде Президенттік сағатта ұстаздар қауымы, қызметкерлер мен студенттер облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі жеңістері үшін марапатталды.
Жастар саясаты департаментінің директоры Жанар Сейілханқызы Нұрғазина-ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша республикалық референдумды дайындауға және өткізуге белсенді қатысқаны үшін алғыс хатымен, сонымен қатар әскери бөлімнің командирі – полковник Талғат Камильевич Әбдіровтің студент жастармен бірлесіп мерекелік концерт ұйымдастыруға белсенді қатысқаны үшін алғыс хатымен марапатталды.
Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры Багытжан Хамитқызы Әлшанованың «Философия тарихы. Қысқаша курс» оқу құралы -EDP Hub ЖШС ұйымдастырған көрнекті ғылыми және оқу еңбектерін анықтауға және қолдауға бағытталған «Global SciCall: жаңа білім қоры» жарияланымдар байқауының жүлдегері.
Заң кеңесшісі Байболатов Талғатбек Жетпісбайұлы,әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының аға оқытушылары - Тәттігүл Дүйсенбайқызы Журмағанбетова, Ардабаева Фарида Жеңісханқызы, Айгүл Танатқанқызы Фазылахметова, кауымдастырылған профессор Бағытжан Хамитовна Әлшанова ҚИнЭУ ректоры Арман Оразалиұлы Исмаиловтың алғыс хатымен марапатталды.
Бүгін сахнаға "Арқан тарту" ұлттық спорт жарысының жеңімпаздары, сондай-ақ "Наурыз кемелері" зияткерлік ойынында 3 орын алған студенттер, "Капитал" республикалық онлайн - олимпиадасының жүлдегерлері, қазақ тілі бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпаздары және олардың ғылыми жетекшісі-аға оқытушы Айгүл Танатқанқызы Фазылахметова көтерілді.
Ғылыми зерттеулердің жоғары деңгейі және БРИКС халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына және төртінші Халықаралық Жастар ғылыми-практикалық конференциясына белсене қатысқаны үшін Карина Казачук I дәрежелі дипломмен, ал оның ғылыми жетекшісі- көлік және сервис кафедрасының аға оқытушысы Лейла Асимовна Войцеховская алғыс хатпен марапатталды.
Барлық марапатталғандарды құттықтаймыз! Сізбен мақтанамыз!
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Комментарии