Жастар арасында қаржылық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесі үшін
Бүгін М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетіне Қостанай облысы бойынша экономикалық тергеу Департаментінің басшысы Асқар Габиденұлы Әбенов арнайы келді. Ол жастар арасында қаржылық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесі үшін университет қызметкерлерін марапаттады. Қазақстан Республикасы Қаржы мониторинг агенттігінің медалімен университет Президенті Рихсибай Абдурахманұлы Мамедов марапатталды. Бұл марапат – ҚИнЭУ мен Қостанай облысы Экономикалық тергеу департаменті арасындағы тиімді ынтымақтастықтың нәтижесі. Серіктестік аясында оқу дәрістері, ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары және қаржылық қауіпсіздік бойынша ұлттық олимпиада өткізілді. Бұл ортақ ұжымдық жетістік ҚИнЭУ-дің жастар арасында қаржылық сауаттылықты дамытуға қосқан елеулі үлесін айқындайды. Сондай-ақ, бүгін әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Надежда Ивановна Росенко ерекше алғысқа ие болды. Ол студенттерді даярлауға, танымдық дәрістер өткізуге және ұлттық олимпиада барысында қатысушыларды жан-жақты қолдаудағы еңбегі үшін Агенттік төрағасының алғыс хатымен және ақшалай сертификатымен марапатталды. Асқар Габиденұлы Қостанай облысының ұлттық олимпиадаға қатысушылар саны бойынша алдыңғы қатарда екенін атап өтті. Ал ҚИнЭУ өз белсенділігімен ерекше көзге түсті.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Комментарии