Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл

Бүгін облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХIII сессиясы өтті. Сессия жұмысына облыс әкімі Құмар Ақсақалов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, облыстық ҚХА-ның консультативтік-кеңестік органдардың мүшелері қатысты. Күн тәртібінде қоғамдық келісімді нығайту, этносаралық диалогты дамыту және мемлекеттік тілді ілгерілету мәселелері талқыланды. Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің президенті, өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Рихсибай Абдурахманұлы Мамедов Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің қызметі туралы баяндады. Ол Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мерейтойлық жылды қарқынды бастап, этномәдени бірлестіктерінің түрлі форматта 70-тен астам іс-шара өткізгенін жеткізді. Сондай-ақ өзбек этномәдени бірлесітігінің алға қойған жоспарларымен бөлісті: — Біз мемлекеттік тілді еркін меңгерген түрлі этностардың мектеп бітірушілері арасында облыстық байқау өткізуді ұсынамыз. Жеңімпаздарға Қостанай облысындағы жоғары оқу орындарында тегін білім алуға арналған гранттар беру көзделген. Мақсатымыз — қазақ тіліне деген сүйіспеншілікті арттыру, ұлттық дәстүрді құрметтеу және азаматтық бірегейлікті қалыптастыру. Бұл бастама қолдау тауып, жақсы дәстүрге айналады деп сенеміз, — деді Рихсибай Абдурахманұлы. Өз сөзінде облыс әкімі Құмар Ақсақалов Қостанайда әр түрлі этнос өкілдері бейбіт және татулықта өмір сүріп жатқанын атап өтті. — Әр этнос өкілі өңіріміздің дамуына өз үлесін қосып отыр. Бізде ұлтаралық тұрақтылықты сақтау, мемлекеттік тілді дамыту және жастар бастамаларын қолдау үшін барлық жағдай жасалған, — деді ол. Сессия соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мерейтойлық медальдар табысталды. Марапат иелерінің қатарында Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің президенті, өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Рихсибай Абдурахманұлы Мамедов те бар. Бұл марапат — оның ел бірлігін нығайтудағы, мемлекеттік тілді қолдаудағы және қоғамдық келісім жолындағы еңбегінің жоғары бағаланғанының айғағы. Құттықтаймыз!

 

Комментарии

Пікір

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы