Поэзияның қуатты күшін сезінді
ҚИнЭУ-де ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті. Бұл кеш жастарға Мұқағали мұрасын тереңірек таныстыруға арналды. Іс-шараны ұйымдастырған - Жастар саясаты Департаментінің көздеген мақсаты - артынан айрықша өшпейтін із қалдырған ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, оңың өлеңдері мен әндері арқылы студенттерді әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу. Студенттер кеш барысында Мұқағалидың өлеңдерінен үзінділер оқумен қатар, оңың өлеңдеріне жазылған, халық жүрегінде мәңгі қалатын тамаша әндерді тыңдап, бірге ән шырқады. Талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолынан деректерге тоқталды. Әдеби кешке белсенді қатысқан студенттер алғыс хаттармен марапатталды. Бұл кеш жастардың рухани әлемін байытып, поэзияның құдіретін сезінуге мүмкіндік берді. Рухани бай тұлға болып қалыптасуға ықпал ететін мұндай іс-шаралар жастардың поэзияға деген сүйіспеншілігін арттырып, М. Мақатаевтың шығармашылығын кеңінен насихаттауға, оның өлмес мұрасын ұрпақ санасына сіңіруге зор үлес қосатыны сөзсіз.
https://www.instagram.com/reel/DGhksy3tr2T/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Комментарии