Рудный жастары болашағын ҚИнЭУ-мен байланыстырады
Біздің кәсіби бағдар беретін командамыз Рудный қаласында оқитын ең көңілді студенттермен танысты. Көптеген белсенді жастарды бір жерде көргенімізге қуаныштымыз.
Кездесуге мына оқу орындарының студенттері қатысты:
Ы. Алтынсарин атындағы әлеуметтік-гуманитарлық колледжі
Рудный политехникалық колледжі
Рудный құрылыс және көлік колледжі
Студенттерге колледжді аяқтағаннан кейін университетке қалау түсуге болатынын айтып, пайдалы ақпаратпен бөлістік. Кездесу өте жылы әрі достық қарым-қатынаста өтті. Біз Рудный студенттерінің дұрыс шешім қабылдайтынына сенімдіміз!
Комментарии