ГРАНТТАР, дипломдар, мадақтаулар - ғылыми-зерттеу байқауы немен есте қалады?
ҚИнЭУ жылдар бойы қалыптасқан дәстүрлеріне берік. Міне бүгін Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде мектеп оқушылары арасында ғылыми жұмыстар байқауының 2-ші кезеңі өтті. Оған Денисов ауданынан, Тобыл және Қостанай қалаларынан 26 жас зерттеушілер қатысты. Ең белсенді қатысқан білім ошағы — Қостанай қаласындағы №19 жалпы білім беретін мектебі болды, ол байқауға ең көп қатысушы ұсынды.
Оқушылар өз жобаларын бірнеше бағытта ұсынды:
-жаратылыстану ғылымдары (математика, физика, информатика).
-экономикалық және қоғамдық ғылымдар.
-ауыл шаруашылық ғылымдары.
Жас зерттеушілердің жұмыстары әртүрлі және қызықты тақырыптарды қамтыды.
Ғылыми жұмыстарды қорғап болғаннан кейін қатысушыларды қызықты мәдени бағдарлама күтіп тұрды. Оқушыларды университеттің және кәсіпкерлік колледжінің оқу ғимараттары мен заманауи зертханаларымен таныстырып, бұл біздің оқу ордамыздың атмосферасын сезініп, ҚИнЭУ-да білім алудың мүмкіндіктерін білді.
Салтанатты марапаттау рәсімінде ҚИнЭУ Президенті Рихсибай Абдурахманұлы Мамедов сөз сөйлеп, бұл байқау ғылым мен шығармашылықты, зерттеу мен ізденісті біріктіретін ерекше алаң екенін атап өтті.
Марапаттау рәсімінде жеңімпаздарға 1, 2 және 3 дәрежелі дипломдар, ал олардың ғылыми жетекшілеріне алғыс хаттар табысталды. Университеттің ерекше сыйы мен дәстүрі ретінде, ең үздік нәтижелер көрсеткен дарынды мектеп оқушыларына ҚИнЭУ-дың атынан тегін оқу гранттары табысталды.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Комментарии