Студенттік қоржынға +1 курс
ҚИнЭУ студенті Мадинабону Набиева Қостанай облысы бойынша
Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастырған «Ұлтаралық қатынастар және мәдениетаралық құзіреттілік» курсын сәтті аяқтап шықты. Ол ұлтаралық өзара әрекеттесу саласында жоғары деңгейде білім мен дағдыларын көрсетті.
Курс ұлтаралық келісім саласында шешендік шеберлікті дамытуға ұмтылатын адамдарға бағытталған болатын. Оқу бағдарламасын Қостанай облысы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Наталья Рамазанова мен Қостанай облысы «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Руслан Мурзагалиев жүргізді.
Курс барысында Мадинабону жұртшылық
алдында сөз сөйлеудің техникасын меңгеріп, аудиториямен тиімді әрекеттесу тәсілдерін игеріп, этносаралық диалог құру әдіс-тәсілдерін үйренді.
Мадинабонуды курсты сәтті аяқтап, сертификат алғанымен құттықтаймыз! Болашақта жаңа жетістіктер мен табыстар тілейміз!
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Комментарии