Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Республикалық дәріс: Қаржылық қауіпсіздік негіздері

 Мемлекет басшысының «Заң және тәртіп» бағдарламасы аясында қаржылық қауіпсіздікті арттыру және жастарды қаржылық қатерлер мен қауіптерден қорғау мақсатында ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті студенттермен ақпараттық-құқықтық жұмыс жүргізуде. Бүгін мұндай республикалық дәріс  Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде өтті. Дәріске 100-дент астам студенттер қатысты.

 ҚИнЭУ Президенті Рихсибай Абдурахманұлы Мамедов іс-шараға қатысып,  Экономикалық тергеу департаментімен ынтымақтастық туралы меморандум аясында бірнеше жұмыстарды атқарылып жатқанын тілге тиек етті.

- Қаржылық сауаттылық, қаржылық қауіпсіздік - бүгінгі күні  өзекті тақырыптардың бірі болып отыр.  Мұндай дәрістер жастардың қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттырады, олардың тәуекелдер мен қатерлерге қарсы тұруда маңызды, - деп айтты өз сөзінде Рихсибай Абдурахманұлы.

 Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеулер департаментінің басшысы, Экономикалық тергеу қызметінің полковнигі Асқар Ғабиденұлы Әбенов осы іс-шараны ұйымдастырған ҚИнЭУ басшылығына, сондай-ақ Астанада  қаржы қауіпсіздігі тақырыбында арнайы білім жинақтаған қауымдастырлыған профессор м.а. Надежда Ивановна Росенкоға алғысын білдірді.

  Дәріс барысында интерактивті ойындар, тренингтер арқылы студенттерге қаржылық қауіпсіздіктің негіздері түсіндірілді,  шынайы өмірден алынған кейстер мен алаяқтық схемаларға тарту тәсілдері қарастырылды,  қаржы пирамидасының салымшысы, дроперлер туралы анықтама-ақпарат берілді. Студенттер қаржы саласындағы жаңа тенденцияларды меңгеріп, қауіптер мен қатерлерді тиімді анықтау дағдыларын игерді.

 Бұл дәріс  - Ұлттық қаржылық қауіпсіздік олимпиадасына дайындықтың бастамасы. Олимпиада алғаш рет өтеді және  төрт кезеңнен тұрады.  Жеңімпаздар Ресейдегі қаржылық қауіпсіздік бойынша Халықаралық Олимпиадаға қатыса алады.

Комментарии

Пікір

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы