Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Ғылымның болашағы - жастардың қолында

Бүгін, 2025 жылдың 18 сәуірінде Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде Міржақып Дулатовтың 140-жылдығына орай «Ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік жетістіктер» атты халықаралық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Аталған іс-шараға Қазақстан, Ресей, Беларусь мемлекеттерінен 100-ге жуық жас оқытушылар, магистрлер, аспиранттар мен студенттер қатысып, өздерінің ғылыми жобалары мен тәжірибелік жетістіктерін таныстырды. ҚИнЭУ Президенті Рихсибай Абдурахманұлы Мамедов конференцияның ашылу салтанатында іс-шара — университетіміздің ғылыми өмірінің маңызды бөлігі, әрі студенттердің шығармашылық әлеуетін көрсетуге арналған тамаша мүмкіндік екенін атап өтті. «Бүгін ғылым мен білімнің шекаралары кеңейіп, әрбір студенттің өз дағдыларын дамытуына, жаңа білім алуға және ғылыми қауымдастыққа қосылуына мүмкіндік бар»,- деді Рихсибай Абдурахманұлы. Сондай-ақ, ғылыми конференцияның ашылу салтанатында Қостанай облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Қазез Қайрат Талғатұлы сөз сөйлеп, конференция жас ғалымдар мен зерттеуші-практиктер арасында білім, тәжірибе және идеялар алмасу үшін маңызды алаң болып табылатынын тілге тиек етті. Конференция жұмысы бес секцияда жалғасты: техника және энергетика, өнімді өндіру және өңдеу, ақпараттық технологиялар және автоматика, экономика, әлеуметтік ғылымдар. Қатысушылар ғылыми жобаларын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде — дәстүрлі форматта да, онлайн режимінде қорғады. Бұл қатысушылардың кең ауқымын қамтуға және әртүрлі салалардағы өзекті зерттеулер мен әзірлемелерді ұсынуға мүмкіндік берді. Біздің университет өзін ерекше белсенді түрде көрсетті - 30-дан астам қатысушы өздерінің ғылыми жұмыстарын әділ қазылар алқасынының алдына ұсынды. Ұйымдастырушылар мұндай конференциялар студенттердің кәсіби өсуіне ықпал етіп қана қоймай, әртүрлі елдердің жас зерттеушілері арасында білім мен тәжірибе алмасу алаңына айналатынын атап өтті. Іс-шараның қорытындысы бойынша ғылыми еңбектер жинағы шығарылып, университеттің ресми сайтында жарияланатын болады. Бұл жинақтың жариялануы саладағы зерттеулердің дамуында жаңа бағыттардың ашылуына, сондай-ақ халықаралық ғылыми қоғамдастықтың ынтымақтастығын нығайтуға зор үлес қосатыны сөзсіз.

 

Комментарии

Пікір

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы