Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

ҚИнЭУ-дегі Жұмыс берушілер күні: табысты мансапқа жол

 

Бүгін, 2025 жылдың 18 сәуірінде “Жұмысшы мамандықтар жылы” аясында Қостанай облысының Кәсіпкерлер Палатасымен бірлесе Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде маңызды іс-шара «Жұмыс берушілер күні» өтті. Қостанай облысының ғана емес, Солтүстік Қазақстан облысынының 60-тан астам серіктес-компания өкілдері мен 600-ге жуық студенттердің басын біріктірген бұл кездесуге мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың қолдауы ерекше мән берді. Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасы, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Еңбек ұтқырлығы орталығы, Қоғамдық даму басқармасының Жастар ресурстық орталығы және Қостанай облысы Іскер әйелдер қауымдастығы іс-шараның маңыздылығын арттырып, мемлекеттік және әлеуметтік ұйымдардың мамандар даярлаудағы рөлін айқындады. Таңертеңнен бастап ҚИнЭУ-де іскерлік атмосфера орнады. Бағдарлама бойынша студенттер үшін түрлі ойындар мен викториналар ұйымдастырылды, әр кафедра өзінің білім беру бағдарламаларымен таныстырды. Содан кейін жұмыс берушілермен танысу басталды. Кездесу барысында түрлі кәсіпорындар өкілдері өз қызметтері, бос жұмыс орындары мен тағылымдамадан өту мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, студенттерге еңбек нарығындағы өзекті талаптар, жұмысқа орналасу жолдары және мансаптық өсу мүмкіндіктері бойынша құнды кеңестер ұсынды. Кейбір жұмыс берушілер болашақ қызметкерлерді жұмысқа орналастыру туралы шешімді дәл сол сәтте қабылдады. Көптеген түлектер үшін бұл күн кәсіби жолдың бастапқы нүктесіне айналды. Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және құрылыс саласында жұмыс істейтін "Тұрар" ЖШС компаниясының өндірістік-мал шаруашылығы кешенінің басқарушысы Жандос Жұмасұлтанұлы Кушекбаевтың айтуынша, ұйым агрономдарға, мал дәрігерлеріне, есепшілерге, инженер-механиктерге және басқа да мамандарға мұқтаж: "Бұл кездесу бізге болашақ мамандармен байланыс орнатуға көмектеседі. Біз үшін түлектердің практикалық дағдылары болуы және оларды нақты жұмыс ортасында не күтіп тұрғанын түсінуі маңызды", — деп атап өтті ол. Жұмыс берушілер күні» — білім беру мен бизнестің тиімді ынтымақтастығының айқын көрінісі. Міржақып Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті жетекші компаниялармен орнатқан берік байланыстарын одан әрі нығайта отырып, еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті мамандарды даярлауда өңірдің басты оқу орындарының біріне айналуда. ҚИнЭУ Президенті Рихсибай Абдурахманұлы Мамедов іс-шараға қатысушыларды құттықтап, студенттер үшін мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтті: «Бұл — болашақ жұмыс берушілерімен танысып, қандай дағдылар мен білімдердің сұранысқа ие екенін нақты көруге мүмкіндік беретін ерекше мүмкіндік». Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Амангелды Атымтайұлы Бекетаев, осындай іс-шаралар жас мамандардың кәсіби тұрғыда қалыптасуына, олардың еңбек нарығына бейімделуіне және өз мамандығы бойынша нақты бағыт-бағдар алуына зор септігін тигізеді. Сонымен қатар, оқу орындары мен жұмыс берушілер арасындағы өзара байланысты нығайтуға жол ашатынын жеткізді. Ал Қостанай облысының Іскер әйелдер қауымдастығының төрағасы Гүлсара Мырзабекқызы Жаманқұлова өткен іс-шараны қысқа, бірақ өте жоғары бағалады: "Сіз үлкен іс атқардыңыз!» ҚИнЭУ - өңірдегі ірі компаниялармен және ұйымдармен серіктестікті дамытуда өз беделін қалыптастырған оқу орны. "Жұмыс берушілер күні" осы берік байланыстардың жарқын дәлелі.

https://www.instagram.com/p/DIlrGf2gZAG/?hl=ru

Комментарии

Пікір

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы