Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Мамандарды озық даярлау жүйесі - қазақстандық экономиканы дамытудың негізі

Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің Президенті Рихсибай Абдурахманұлы Мамедов жұмыс сапармен Тараз қаласында. Ол Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде өтіп жатқан «Мамандарды озық даярлау жүйесі - қазақстандық экономиканы дамытудың негізі» тақырыбында Қазақстан Республикасы ЖОО қауымдастығының жалпы жиналысына қатысуда. Жиналысқа Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек те қатысты.

ҚИнЭУ Президенті Рихсибай Абдурахманұлы Мамедов «Білім беру мен экономиканың нақты секторын интеграциялау: бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаудағы ҚИнЭУ-дің рөлі» тақырыбында баяндама жасады.

Рихсибай Абдурахманұлы өз баяндамасында инженерлік білімнің экономикадағы маңызды рөліне тоқталды. Университет заман талабына сай зертханалармен жабдықталған, оның ішінде «Электр машиналары», «Машина жасау өндірісінің технологиялық процестері» және «Жылумен жабдықтау технологиялары» сияқты зертханалар студенттерге теориялық біліммен қатар тәжірибелік дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. Олардың мазмұны нақты өндірістік қажеттіліктерге сәйкес келеді.

Президент университеттің кәсіпорындармен серіктестігін, сондай-ақ халықаралық жобалар мен шетелдік білім беру бағдарламаларының белсенді жүзеге асырылуын атап өтті. Сонымен қатар, университет цифрландыру бағытында маңызды қадамдар жасауда, осы мақсатта “Смарт-Университет” тұжырымдамасы іске асырылып, цифрлық технологияларды енгізуде белсенді жұмыс атқаруда.

Сонымен қатар Рихсибай Абдурахманұлы ҚИнЭУ оқытудың дуальды жүйесін дамыту арқылы еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлауға бағытталған бастамаларды іске асырып, білім беру бағдарламаларын индустрияның нақты талаптарына бейімдей отырып, инновациялық технологияларды енгізуге ерекше назар аударатынын тілге тиек етті.

-Қостанай инженерлік-экономикалық университеті сұранысқа ие мамандарды даярлауға, тәжірибеге бағдарланған оқыту ортасын құруға және инновациялық технологияларды енгізуге бағытталған бастамаларды белсенді іске асыруда. Мұндай тәсілдерді ел ауқымында одан әрі дамыту экономиканың қажеттіліктеріне жауап беретін және Қазақстанның технологиялық дамыған мемлекет ретінде өсуіне ықпал ететін тұрақты білім беру жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді, - деп қорытындылады өз баяндамасын Рихсибай Абдурахманұлы Мамедов.

Комментарии

Пікір

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы