Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Батыл және ержүрек ержігіттерге арналады

Костанай инженерлік-экономикалық университетінде Отан қорғаушы күніне және Ұлы Жеңістің 80-жылдығына арналған басты мерекелік іс-шара өтті. Жақсы дәстүрге айналғандай, бұл күні сахнада тек нәзік жандылар өнер көрсетті – алғыс сөздерін айтып, би билеп, ән шырқап, жүрекке жылы атмосфера сыйлады. ҚИнЭУ Президенті Рихсибай Абдурахманұлы Мамедов, академиялық даму бойынша проректор Жұлдыз Орынтайқызы Ошақбаева ер азаматтарды айтулы мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Мерекелік концерттік бағдарлама – бұл күннің шоқтығын одан әрі биіктетті. Университеттің арулары өздерінің өнерге деген сүйіспеншілігін паш етіп, көрермен жүрегін тебірентіп, шаттыққа бөледі.

Мерейлі кештің шынайы сыйы - университеттің әрдайым талғаммен киініп, сән-салтанатымен ерекшеленетін азаматқа -«Мистер Стиль», салауатты өмір салтын ұстанатын, спорттық рухымен танылған әріптеске - «Мистер Спорт», әрқашан сөзінде тұратын, ұжымға арқа сүйер тұлғаға - «Мистер Сенімділік» және тағы басқа өздерінің тұлғалық қасиеттеріне сай мағыналы номинациялармен марапатталды. Бұл – олардың ұжымдағы ерекше орны мен еңбектеріне деген зор алғысының белгісі. Отан қорғаушылар күні – тек шен тағып жүргендердің ғана емес, әр күн сайын қоғамда өзінің маңызды рөлін абыроймен атқарып жүрген барша қазақстандық ер азаматтардың мерекесі. Әке ретінде, жар ретінде, әріптес, дос әрі тәлімгер ретінде – сіздер отбасы мен елдің тірегі, нағыз қорғансыздар! Құрметті ер азаматтар, мерекелеріңіз құтты болсын!

Комментарии

Пікір

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы