Ешкім де ұмытылмайды
Ұлы Жеңістің 80-жылдығына орай, ҚИнЭУ ректоры, қалалық мәслихат депутаты Арман Оразалиұлы Исмаилов пен Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Алмат Мұратханұлы Исенбаев соғыс ардагері Дмитрий Петрович Наприенконы арнайы барып құттықтады. Биыл Дмитрий Петрович 98 жасқа толмақ. Дмитрий Петрович әскер қатарына 1944 жылы, небәрі 17 жасында шақырылған. Ол Чебаркөлде 13-ші атқыштар полкінде дайындықтан өтіп, кейін әскери қызметін Қиыр Шығыста жалғастырған. Ауыр жарақат алып, 1951 жылы әскерден босап, туған жеріне оралған. Бүгінде Дмитрий Петрович — сол сұрапыл соғыстың тірі куәгерлерінің бірі. Жасы келгендіктен, оған ерекше қамқорлық пен көңіл қажет. Қонақтар ардагерге ізгі тілектерін айтып, естеліктерін тыңдап, сыйлықтарын және мерейтойлық медальды табыстады. Жыл өткен сайын ардагерлердің қатары сиреп келеді. Бізге осындай батырлармен жүздесудің сәті түскенде, олардың айтқан әр сөзін құлақ асып тыңдап, естеліктерін болашақ ұрпаққа жеткізу – біздің басты парызымыз.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Комментарии