Жастар үшін жаңа белес
Бүгін М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті мен Қостанай облысы Жастар ресурстық орталығы ынтымақтастық туралы келісім-шартқа қол қойды. Университет пен жастар ресурстық орталық арасындағы әріптестік бұрыннан жалғасып келе жатқанымен, бүгінгі құжатқа қол қою жастар бастамаларын қолдау мен білім беру мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған жаңа кезеңнің бастамасы. Келісім-шарт аясында тараптар ҚИнЭУ-де тегін оқу грантын тағайындау туралы келісімге келді. Бұл грант білім, ғылым және қоғамдық қызмет салаларында ерекше көзге түскен мектеп түлектеріне және колледж студенттеріне берілетін болады. ҚИнЭУ ректоры Арман Оразалиұлы Исмаилов өз сөзінде университет тек білім беріп қана қоймай, сонымен қатар студенттердің көшбасшылық қабілеттерін дамытуға тырысатынын атап өтті: «Жастар ресурстық орталығының жастар үшін жасап жатқан еңбектерін жоғары бағалаймыз. Өз тарапымыздан университетіміз студенттік бастамаларға барлық жағдай жасап отыр. Біздің белсенді, мықты студенттік активіміз бар және біз әрдайым бірлескен жобаларға дайынбыз». Жастар ресурстық орталығының директоры Абай Хасенұлы Дүйсеков университет басшылығына нақты және жүйелі қолдауы үшін алғысын білдірді: «Бүгінгі келісім-шарт және университеттің грант бөлуі — жастар үшін үлкен мотивация. Бұл еріктілер мен белсенді жастардың қызығушылығын одан әрі арттырады. Біз барлық жоғары оқу орындарымен жұмыс істейміз, бірақ ҚИнЭУ-дің жастарға жасап жатқан қолдауы — жай сөз емес, нақты іс. Бүгінгі келісім-шарт — үлкен бастамалардың бастауына айналады деп сенемін». Ынтымақтастық туралы келісім Қостанай облысы жастары үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Комментарии