Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

ҚИнЭУ Qostanai Investment Forum-2025 форумында

Бүгін М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің президенті Рихсибай Мамедов пен ректор Арман Исмаилов бастаған делегация Qostanai Investment Forum-2025 инвестициялық форумына қатысты. Іс-шараға Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов пен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің вице-министрі қатысты. Ауқымды шара KIA Qazaqstan зауытының базасында өтті. Форум аясында жасанды интеллект саласындағы заманауи цифрлық шешімдер мен технологиялық әзірлемелер ұсынылған технологиялық көрме ұйымдастырылды. Форумның тақырыбы - «Өңірлік дамудағы жасанды интеллект». Пленарлық отырыс барысында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңірде цифрлық технологиялардың әр салада қолданылуы жөнінде кең ауқымды ақпарат берді. Жасанды интеллект белсенді енгізіле бастаған салалардың бірі – ауыл шаруашылығы екенін тілге тиек етті. Оның айтуынша, AI технологиялары сонымен қатар өнеркәсіп, логистика салаларында жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұдан бөлек, білім саласы да цифрлық технология игілігін көре бастады.Бұл бағытта нақты қадамдар жасап жатқанын жеткізді. Атап айтқанда, 2024 жылы ҚИнЭУ-де жасанды интеллект бойынша жаңа білім беру бағдарламасы іске қосылған, бұл – цифрлық экономикаға қажетті мамандарды даярлаудағы маңызды бастама. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун жасанды интеллектті мемлекеттік қызметтерге енгізу тәжірибесі туралы айтып, жоғары оқу орындарында AI мамандарын даярлаудың өзектілігін ерекше атап өтті. Ол өңірдегі университеттерге суперкомпьютерлерге қол жеткізуге қолдау көрсетуге, сондай-ақ білім беру бастамаларына жеке өзі қатысуға дайын екенін білдірді. KIA Qazaqstan компаниясының бас директоры Ким Де Ки өз сөзінде технологиялық процестердің артында білікті мамандар тұруы тиіс екенін атап өтті: - Біз алғашқы күннен бастап жоғары оқу орындарымен серіктестік орнатып, қайта даярлау бағдарламаларын жүзеге асырып келеміз. Қостанайда дәстүрлі өндірістік біліммен қатар цифрлық құзыреттерді меңгерген жаңа буын инженер мамандар қалыптасады деп сенеміз, – деді ол өз сөзінде. Форум аймақтың цифрлық трансформациясына және инновациялық дамуына серпін беріп, жасанды интеллектіні енгізу және инвестиция тарту үшінірі алаңға айналды. Форумға ҚИнЭУ-дің белсенді қатысуы университеттің цифрландыру және болашақтың білікті кадрларын даярлау ісіндегі белсенді ұстанымын тағы бір мәрте дәлелдеді.

 

Комментарии

Пікір

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы