ҚИнЭУде бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті (бұдан әрі - ҚИнЭУ) Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» іс-шарасын өткізеді. Аталған іс-шара «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ қолдауымен өтуде.
Өтетін күні: 2025 жылғы 3 қазан.
Уақыты: сағ. 10:00 - 12:00.
Өтетін орны: Қостанай қаласы, Чернышевский көшесі, 59, ҚИнЭУ спорт залының жаңа корпусы.
Іс-шара аясында жұмыс берушілер өзекті бос жұмыс орындарын ұсынады, ал қатысушылар жұмысқа орналасу және кәсіби даму мәселелері бойынша кеңес ала алады.
Кәсіпорын басшыларын жұмысшы кәсіптерін қолдау мен дамытуға, сондай-ақ өңірдің жастары мен мамандарын жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге бағытталған іс-шараға қатысуға шақырамыз.
Сонымен қатар бизнес өкілдерін, студенттерді, түлектерді және барлық мүдделі адамдарды «Бос орындар жәрмеңкесіне» қатысуға және Қостанай облысының кадрлық әлеуетін дамытуға үлес қосуға шақырамыз.
Қатысушыларға іс-шараны өткізу алаңында келесі мүмкіндіктер беріледі:
- бос жұмыс орындары, тағылымдамалар және практика бағдарламалары туралы ақпараты бар стендтер шығару;
- көрме экспозициялары, жарнамалық өнімдер;
- кәсіпорынның тауарлары мен қызметтерін сату;
- мансаптық кеңес беру бойынша практикалық кейстер.
Өндіріс өкілдері өз тауарлары мен қызметтерін сатудың көрме–сатылымына қатыса алады.
Қатысушылар:
- Облыстың колледждерімен ЖОО-ның бітіруші курс студенттері, түлектер;
- Қостанай облысының мемлекеттік құрылымдарының өкілдері;
- Қостанай облысының өңірлік кәсіпкерлер Палатасының мүшелері;
- ШО Бөкілдері.
Қатысу сұрақтары бойынша:
87081341241 Сегізбаева Ай-Гүл Сералиқызы – мансап және бизнес көшбасшылық орталығының директоры;
87021576766 Мұратова Әсел Серікбайқызы – қоғаммен байланыс жөніндегі маман.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Комментарии