Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Республикалық экспедиция - Жахаң университетінде

Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде «Ұлттық құндылық. Қазақ этнографиясы және Зейнолла Сәнік – 90 жыл» атты республикалық экспедиция мүшелерімен мазмұнды кездесу өтті. Университет басшылығы мен ұжымы қонақтарды ұлттық дәстүрге сай құрметпен қарсы алып, қымыз ұсынып, ұлттық тағамдардан дәм татқызды. Шараға өңір зиялылары, тарихшы-өлкетанушылар, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар қатысты. Экспедиция Қазақстан Жазушылар одағының бастамасымен және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асуда. Мақсаты – қазақ халқының бай этнографиялық және фольклорлық мұрасын жинақтап, ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттау, сондай-ақ көрнекті ғалым, этнограф Зейнолла Сәніктің шығармашылығын ел арасында кеңінен таныту. Кездесу барысында алаштанушы, этнограф Елдос Тоқтарбай Қостанай жерінің тарихи маңызына тоқталды. Ол бұл сапардың Міржақып Дулатұлы атындағы университетте өтуінің символдық мәні бар екенін атап өтті. Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, ақын Қасымхан Бегманов экспедицияның ел руханияты үшін маңызындылығын жеткізді: – Бұл сапар – ұлттың тарихи жадын жаңғыртуға, дәстүр мен руханиятты қайта түлетуге бағытталған маңызды бастама. Зейнолла Сәніктің еңбектері осы жолда таптырмас қазына, – деді. Оның айтуынша, экспедиция қорытындысы бойынша деректі фильм түсіріліп, көпшілік назарына ұсынылады. Кездесу барысында ҚИнЭУ президенті Рихсибай Абдурахманұлы Мамедов өз сөзінде экспедиция мүшелеріне алғысын білдіре отырып, студенттік шағындағы әсерлі сәтті еске алды. Ол жас кезінде Қасымхан Бегмановтың шығармашылығына ерекше қызығып, Алматыда өткен ақынның шығармашылық кешіне соңғы ақшасына билет алып барғанын жылы ықыласпен жеткізді. -Бұл кісіге деген құрметім студент кезімнен басталған. Сол кештегі әсер мені поэзияға, руханиятқа жақындатты. Бүгін міне, өз университетімде құрметті қонақ ретінде қарсы алып отырғаныма қуаныштымын, – деді университет басшысы. Шара соңында университет атынан естелік сый-сияпат табысталып, қонақтар ҚИнЭУ кітапханасына Зейнолла Сәніктің және Қасымхан Бегманов өз кітабын тарту етті.

 

Комментарии

Пікір

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы