Ғалым да, шахтёр де бас иетін!
Бүгін М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде қазан айының басына тұспа-тұс келетін Ұстаздар күні мен Қарттар күні салтанатты түрде аталып өтті. Таңертеңнен университет қабырғасында ұстаздарға деген құрмет пен ізгі тілек жауды. Студенттер ұстаздарын шын жүректен құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді. Кейін арнайы концерттік бағдарлама ұсынылды. Салтанатты жиында университет президенті Рихсибай Абдурахманович Мамедов құттықтау сөз сөйлеп, ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады: «Ұстаздық - тек мамандық қана емес, ол үлкен жауапкершілік пен парасаттың, даналық пен шыдамдылықтың мектебі. Сіздердің шәкірт тәрбиелеудегі табандылықтарыңызға, ел болашағы үшін жасап жатқан игі істеріңізге алғысымыз шексіз», - деді ол. Мерекелік шара аясында университеттің бірқатар оқытушылары мен қызметкерлері құрметті марапаттар мен алғыс хаттарға ие болды. Сонымен қатар, университет ректоры Арман Оразалиұлы Исмаилов ұстаздарға деген жылы лебізін білдіріп, ризашылығын жеткізді. Концерттік бағдарламаны әр түрлі курстар мен мамандықтардың студенттері сахнаға шығып, ұстаздарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ұстаздық - бұл тек кәсіп емес, бұл - өмір жолы. Ол жолдың қызығы мен қиындығын түсінетін, жас ұрпақ тәрбиелеудегі маңыздылығы мен жауапкершілігін жете сезінетін, әрбір ұрпақтың білім мен білікке толы болашағы үшін аянбай еңбек ететін ұлы тұлға. Мерекелеріңізбен, ұстаздар қауымы!
3 қазан 2025 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Комментарии