ҚИнЭУ мен Экономикалық тергеу департаменті ынтымақтастығының жаңа мақсаты
Бүгін ҚИнЭУ Президенті Рихсибай Мамедов және Мансап және бизнес-көшбасшылығы орталығының директоры Ай-Гүл Сегізбаева ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінде болды. Биылғы жылдың ақпан айында ҚИнЭУ мен Экономикалық тергеу департаменті арасында IT-технологиялар мен экономикалық қауіпсіздік саласындағы жобаларды жүзеге асыруға, департамент мамандарына бейіндік бағыттар бойынша кеңес беруге, сондай-ақ қаржы мониторингі органдарына қызметкерлерді іріктеуге бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Кездесу барысында тараптар студенттер мен жастарға алаяқтықтың әсері туралы маңызды мәселелерді талқылады. Тараптар жастарды ақпараттандыру экономикалық қылмыстармен күрестің негізгі факторы екеніне келісіп, дөңгелек үстелдер мен қонақ дәрістері форматында бірлескен іс-шараларды өткізу мүмкіндіктерін қарастырды. Бұл студенттердің алаяқтық қаупі мен одан қорғану әдістері туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, экономисттер мен бағдарламашыларды жұмысқа орналастыру мәселелері де талқыланды. Кездесу қатысушылары бірлескен күш-жігер жастар үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға және студенттер арасындағы алаяқтық деңгейін төмендетуге ықпал етеді деген сенімде.
8 қазан 2025 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Комментарии