Болашақ талапкерлерге бағыт көрсеттік!
ҚИнЭУ-дың кәсіби бағдар беру кампаниясы белсенді түрде жалғасуда. Университет өкілдері тек ауыл-аймақтарды ғана емес, Қостанай қаласының мектептерін де қамтып отыр.
Бүгін «Стандарттау және тағам технологиялары», сондай-ақ «Ақпараттық технологиялар және автоматика» кафедраларының оқытушылары №115 жалпы білім беретін мектептің және С. Мауленов атындағы гимназияның оқушыларымен кездесті.
Оқушыларға университетіміздің заманауи әрі сұранысқа ие білім беру бағдарламалары таныстырылды. Олардың ішінде агроэкология, робототехникалық жүйелер, жасанды интеллект секілді білім беру бағдарламалары бар. Сондай-ақ оқушыларға ҚИнЭУ ұсынатын мүмкіндіктер туралы айтылды.
Сонымен қатар, №18 гимназияда ҚИнЭУ-дың қабылдау комиссиясының хатшысы Жеңісгүл Жұмаш және әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының оқытушылары оқушылармен жеке кездесу өткізді. Олар университетіміз, мамандықтар, оқу барысы және Қостанай инженерлік-экономикалық университетіндегі студенттік өмірдің артықшылықтары туралы кеңінен айтып берді.
Мұндай кездесулер оқу жылының басында өте маңызды. Себебі дәл осы кезеңде оқушылар: "Қандай бейіндік пәндерді таңдау керек? ", "Қай мамандықты игеру тиімді?" - деген ойлармен шешім қабылдау үстінде.
9 қазан 2025 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Комментарии