Этносаралық татулық - ортақ міндет
ҚИнЭУ Мансап және бизнес-көшбасшылық орталығының ұйымдастыруымен «Жастар арасындағы этносаралық қақтығыстардың алдын алу» тақырыбында Этномедиация кеңесінің қонақ дәрісі өтті.
Дәріс барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының маманы Жадыра Жұмасұлтанова Ассамблеяның басты -міндеті - барлық этнос өкілдерінің бір шаңырақ астында бейбіт және тату өмір сүруін қамтамасыз ету екенін атап өтті. Сонымен қатар ол жастарға этносаралық қақтығыстардың түпкі себептері туралы кеңінен түсінік берді.
«Кез келген келіспеушіліктің артында көбіне түсініспеушілік, диалогтың болмауы жатыр. Алайда қақтығысстардың барлығын бейбіт жолмен шешуге болады, - деді сарапшы. - Бұл тұрғыда этномедиация - диалог орнатып, өзара келісімге келуге көмектесетін тиімді құрал».
Сондай-ақ, «Этноспикер» жобасының түлегі, Қостанай Қазтұтынуодағы жоғары колледжінің студенті Даниил Шестопёров сөз сөйлеп, этносаралық ортада тіл табыса білу, өзара тыңдау мен түсіну секілді дағдылардың маңыздылығын атап өтті.
Спикерлер жастардың белсенді түрде онлайн кеңістікте әрекет ететінін ескере отырып, әлеуметтік желілерде орын алатын этносаралық сипаттағы келіспеушіліктерге ерекше назар аударды. Қатысушылар нақты кейстерді талдап, интернеттегі жауапкершілік пен этика жайлы ой бөлісті.
Шара соңында қатысушылар ортақ ұстанымды атап өтті: Қазақстан – баршамыздың ортақ үйіміз. Қоғамдағы келісім мен өзара сыйластық - әр азаматтың ортақ міндеті.
10 қазан 2025 жыл
10 қазан 2025 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Комментарии