Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Сергей Губерт Көкшетаудың жүрегін жаулады

ҚИнЭУ-дың «Жасанды интеллект» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Сергей Губерт Көкшетау қаласында өткен «Ән - халықтың жаны» атты республикалық фестивальде Гран-при иегері атанды. Сергей үшін ерекше мәнге ие шығарма - Муслим Магомаевтың «Синяя вечность» әні. Бұл әнді университеттік концерттерде бірнеше рет тамашалаған едік. Әрдайым жүрекке жететін үнмен шырқалатын. Фестиваль сахнасында да ол бұл туындыны ерекше тебіреніспен, мәнерлі даусымен жеткізе білді. Осы әсерлі орындау қазылар алқасының көңілінен шығып, оған бас жүлде әкелді.

-Шынымды айтсам, шығармашылық өмірімде қанша байқауға қатысқанымды өзім де нақты айта алмаймын. Бірақ бұл фестиваль - студенттік кезеңімдегі алғашқылардың бірі және оған көптен бері қатысуды армандап жүрген едім, - дейді Сергей, - фестивальге Қазақстанның түкпір-түкпірінен мықты вокалистер жиналды, бәсекелестік өте жоғары болды. ҚИнЭУ студенті тек жеке орындауда ғана емес, басқа да шығармашылық бағыттарда өзін жан-жақты көрсете білді. Оның кәсіби деңгейі мен сахнадағы сенімділігі бірнеше номинацияда жүлделі орындарға ие болуына мүмкіндік берді.

Светлана Петряковамен дуэтте ол бірінші орынды, «Казачья воля» ансамблінде үшінші орынды иеленді. Сергейді шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс пен жарқын жеңістер тілейміз!

14 қазан 2025 жыл

Комментарии

Пікір

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы