Тәуелсіздік эволюциясы: білім экономикасы мен тұрақты даму технологиялары
Бүгін Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде «Тәуелсіздік эволюциясы: білім экономикасы мен тұрақты даму технологиялары» атты университетішілік студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл шара Республика күні мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Конференцияға студенттер мен оқытушылардан бөлек, әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының серіктестері қатысты. Олардың қатарында облыс әкімінің отбасы және гендерлік саясат мәселелері жөніндегі кеңесшісі, жергілікті өзін-өзі басқару саласының сарапшысы Гүлмира Капенова, Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасы жанындағы әйелдер кәсіпкерлігі кеңесінің мүшесі Наталья Буровина, ТПК «ПаллетСтрой» компаниясының директоры Ренат Абдрахманов, А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің аға оқытушысы, саясаттанушы Төлеу Панияз, «Respublica» партиясының Қостанай облыстық филиалының төрайымы Манара Мадинина және әлеуметтік кәсіпкер Динара Шадрина болды. Конференцияны университеттің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Амангелды Шаяхметов ашып, тәуелсіздіктің тек саяси мәртебе емес, қоғамның үздіксіз дамуын талап ететін күрделі әрі мағыналы процесс екенін атап өтті. Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі Дархан Ахметов баяндамасында тәуелсіздік эволюциясының саяси реформалармен ғана шектелмейтінін, бұл елдің экономикалық моделінің түбегейлі өзгеруін де қамтитынын атап өтті: «Тұрақты даму - тек экономиканың емес, әлеуметтік және экологиялық тепе-теңдікті сақтап отырып ілгерілеу. Университеттер - осы даму идеологиясының негізінде тұрған орталықтар. ҚИнЭУ да бұл миссияны лайықты атқарып келеді: ғылым мен білімді ұштастырып, жастарды жауапкершілікке, инновацияға және тұрақты ойлауға тәрбилеуде». Барлық шақырылған спикерлердің баяндамаларында тәуелсіздік – тек саяси мәртебе емес, әр азаматтың елдің дамуына саналы түрде қатысуы екенін көрсететін ортақ идея басым болды. Конференцияда студенттер мен оқытушылардың ғылыми-зерттеу және жобалық жұмыстарына ерекше мән берілді. Қатысушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жасанды интеллектіні білім беру саласында қолдану, жасыл логистика, маркетинг инновациялары сияқты тақырыптар бойынша баяндамалар жасады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, конференцияның негізгі мақсаты - студенттердің ғылыми белсенділігін арттыру, сыни ойлауын дамыту және еліміздің болашағына қатысты маңызды мәселелер бойынша пікірталас өрбіту. Тәуелсіздіктің жетістіктері мен қазіргі сын-қатерлерін талқылау, білім экономикасын қалыптастыру және тұрақты даму технологияларын енгізу - бүгінгі академиялық диалогтың өзекті тақырыбы.
20 қазан 2025 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Комментарии