Қинэу-дегі ғылым туралы
М.Дулатов атындағы ҚИнЭУ-дің ғылыми жұмысы «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының заңына, ҚИнЭУ стратегиялық даму жоспарына және білім беру процесінің барлық сатыларында оқыту мен ғылыми зерттеулердің тығыз өзара байланысы көзделген ҒЗЖ жылдық жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
М.Дулатов атындағы ҚИнЭУ білім беру процесінің мазмұнын жаңғырта отырып, ғылымды білім беру үдерісімен интеграциялауды қамтамасыз етеді.
ҚИнЭУ-дегі ғылыми-зерттеу жұмысы - ЖОО жүйесінің құрамдас бөлігі және оның мақсаты мен міндеттері стратегиялық жоспардың нысаналы индикаторлары бойынша жұмыстар болып табылады.
ҒЗЖ экономика салаларының қажеттіліктерін ескере отырып, кафедралар қызметінің бағыттары бойынша жүргізіледі.
Университетте түрлі ғылыми жобалар бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бастамашыл және шарттық ҒЗЖ тақырыптары ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығында тіркеледі.
Университет оқытушылары өз зерттеулерінің нәтижелерін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитеті ұсынған журналдарда; Scopus, Web of Science және т.б. рефераттық дерекқорларға кіретін халықаралық рецензияланатын ғылыми басылымдарда; шетелдік журналдары мен ҚР журналдарында; конференциялар жинақтарында; патенттер және авторлық куәліктер, монографиялар түрінде ресімдейді.
Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін университет оқытушылары оқу процесі мен өндіріске енгізеді.
Университет оқытушылары мен білім алушылары халықаралық және өңірлік конференцияларға, семинарларға, конкурстарға, пәндік олимпиадаларға белсенді қатысады.
Жыл сайын университет оқытушылары халықаралық конкурстарға өтінімдер, ҚР ҒЖБМ гранттық қаржыландыру конкурстарына өтінімдер береді.
Жыл сайын университетте «Дулатов оқулары» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы және халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференция өтеді.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм