Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Германиядағы тәжірибе: студенттер үшін жаңа мүмкіндіктер

М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің ректоры Арман Исмаилов “Шығыс Еуропадағы Ауыл шаруашылығы және экологиялық тепе-теңдік” коммерциялық емес Одағының (ЛОГО) төрағасы Хартвиг Менненді қабылдады, ол білім алушылар үшін кәсіптік тәжірибе туралы шартқа қол қою мақсатында біздің университетке келді. “Шығыс Еуропадағы ауыл шаруашылығы және экологиялық тепе-теңдік” коммерциялық емес одағы - Германияда Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдерінің студенттеріне, атап айтқанда ауыл шаруашылығы мен органикалық егіншілікке арналған тағылымдамалар мен семинарларды ұйымдастыруға арналған неміс ұйымы. ЛОГО одағы көптеген жылдар бойы ауыл шаруашылығы саласындағы студенттерге кәсіптік оқыту және тағылымдамадан өту мәселелерімен айналысады. Қазақстанның мыңдаған студенттері Германияда тағылымдамадан өтіп, сертификаттар алды. Кездесу барысында Хартвиг Меннен тәжірибе шарттары туралы да айтты. Неміс тарапы “Агрономия” және “Агроэкология” білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттерді қабылдауға дайын, өйткені практикалық оқыту бағдарламасының негізгі бағыты ауыл шаруашылығы және экология болып табылады. Тәжірибенің ұзақтығы - 6 ай. Студенттер үшін тұру және тамақтану тегін, сонымен қатар ай сайынғы жалақы қарастырылған. Тәжірибе нәтижелері бойынша студенттерге Германия ауыл шаруашылығы министрлігінің тағылымдамадан өткендігі туралы куәлік беріледі. Бұл студенттер үшін нақты жағдайда болашақта қажет болатын пайдалы тәжірибе мен қосымша білім алуға тамаша мүмкіндік. Биыл қазан-қараша айларына жоспарланған KEnEU International Week халықаралық апталығы аясында ЛОГО одағының өкілдері біздің университетке студенттерге арналған презентациямен келетін болады. ҚИнЭУ білім және ғылым мәселелерінде ғана емес, сонымен қатар серіктестік және ЖОО студенттерінің кәсіби тәжірибеден өтуі үшін мүмкіндіктер беру мәселелерінде де халықаралық ынтымақтастыққа зор көңіл бөледі. Кездесу қорытындысы бойынша білім алушыларға арналған тәжірибе туралы шартқа қол қойылды.

 

Комментарии

Пікір

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы