ҚИнЭУ Польшамен қарым-қатынасты нығайтуда
ҚИнЭУ президенті Рихсибай Абдурахманұлы Мамедов қазіргі таңда жұмыс сапармен Польшада.
Сапар аясында ол Варшава қаласында өтіп жатқан “Қазіргі ауыл шаруашылығындағы сапа жүйелері: практикалық көзқарас” атты ІІІ халықаралық ғылыми конференциясына қатысты. Конференция агроэкология, өсімдік шаруашылығы, ауыл шаруашылығы саласындағы инновациялар мен білім беруді дамытудың ғылыми және практикалық мәселелерін талқылауға, ғылыми зерттеу нәтижелерін таныстыруға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға арналды.
Конференция барысында Рихсибай Мамедов сөз сөйлеп, Қазақстанның солтүстігінде орналасқан, ауыл шаруашылығына маманданған жетекші өңірлердің бірі – Қостанай облысымен таныстырды. Облыс кең алқапты далаларымен, құнарлы топырағымен, дамыған егіншілік және мал шаруашылығымен, сондай-ақ машина жасау және темір кені өндірісімен ерекшеленетінін атап өтті.
Сонымен қатар, университет басшысы ҚИнЭУ-дің жетістіктері мен даму бағыттары туралы баяндап, оның ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын, қазіргі заман талаптарына сай білім беру бағдарламаларын, атап айтқанда 2024 жылы Erasmus+ бағдарламасы аясында іске қосылған “Агроэкология” атты дуальді білім беру бағдарламасын ерекше атап өтті. Ол халықаралық серіктестіктің маңыздылығын тілге тиек етіп, университеттің осы бағытта жүргізіп жатқан белсенді жұмысына тоқталды.
Жұмыс сапары аясында Рихсибай Мамедов Цеханув қаласындағы Игнаций Мостицкий атындағы Қолданбалы ғылымдар мемлекеттік академиясының (Państwowa Akademia Nauk Stosowanych im. Ignacego Mościckiego w Ciechanowie) басшылығымен ресми кездесу өткізді. Тараптар ғылым, білім беру және академиялық ұтқырлық салаларындағы ынтымақтастық жобаларын талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, бұл екі жоғары оқу орны арасындағы бірлескен жобаларды дамытуға және әріптестікті нығайтуға тың серпін бермек.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Комментарии