Профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасуға арналған конкурс
Қостанай қаласы, Чернышевский көшесі, 59 ғимаратта орналасқан «М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті» жеке мекемесі профессорлық-оқытушылық құрамның бос лауазымдарына конкурс жариялайды:
Стандарттау және тағам технологиялары кафедрасы
1.Профессор-1 бірлік
2.Қауымдастырылған профессор-1 бірлік
3.Сеньор-лектор-1 бірлік.
4.Аға оқытушы – 1 бірлік
- Оқытушы – 1 бірлік
- Кафедра меңгерушісі – 1 бірлік.
Ақпараттық технологиялар және автоматика кафедрасы
1.Профессор-1 бірлік
2.Қауымдастырылған профессор-1 бірлік
3.Сеньор-лектор-1 бірлік.
4.Аға оқытушы – 1 бірлік
- Оқытушы – 1 бірлік
- Кафедра меңгерушісі – 1 бірлік.
Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
1.Профессор-1 бірлік
2.Қауымдастырылған профессор-1 бірлік
3.Сеньор-лектор-1 бірлік.
4.Аға оқытушы – 1 бірлік
- Оқытушы – 1 бірлік
- Кафедра меңгерушісі – 1 бірлік.
Энергетика және машина жасау кафедрасы
1.Профессор-1 бірлік
2.Қауымдастырылған профессор-1 бірлік
3.Сеньор-лектор-1 бірлік.
4.Аға оқытушы – 1 бірлік
- Оқытушы – 1 бірлік
- Кафедра меңгерушісі – 1 бірлік.
Көлік және сервис кафедрасы
1.Профессор-1 бірлік
2.Қауымдастырылған профессор-1 бірлік
3.Сеньор-лектор-1 бірлік.
4.Аға оқытушы – 1 бірлік
- Оқытушы – 1 бірлік
- Кафедра меңгерушісі – 1 бірлік.
Профессор-оқытушы құрамы лауазымдарының біліктілігіне қойылатын талаптар:
- Профессор: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, бейіні бойынша PhD докторы/докторы ғылыми дәрежесінің немесе дәрежесінің болуы, ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде бес жыл болған кезде "профессор/қауымдастырылған профессор/доцент" ғылыми атағының болуы немесе бейіні бойынша кемінде бес жыл практикалық жұмыс өтілі бар маман.
-Қауымдастырылған профессор: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, бейіні бойынша PhD докторы/докторы ғылыми дәрежесінің немесе дәрежесінің немесе "қауымдастырылған профессор/доцент" ғылыми атағының болуы, кемінде төрт жыл ғылыми-педагогикалық қызмет өтілінің болуы немесе бейіні бойынша кемінде бес жыл практикалық жұмыс өтілі болған кезде. Аспирантура (немесе докторантура) аяқталған және осы лауазым бойынша жұмыс тәжірибесі болмаған жағдайда тиісті біліктілік талаптары бар адам қауымдастырылған профессордың міндетін уақытша атқарушы (М.А.) қолданыстағы заңнамада немесе жергілікті нормативтік актілерде белгіленген мерзімге тағайындалуы мүмкін.
- Сеньор-лектор: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде үш жыл немесе бейіні бойынша практикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл болған кезде бейіні бойынша PhD докторы/докторы ғылыми дәрежесінің немесе дәрежесінің болуы.
- Аға оқытушы: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 3 жыл немесе мамандығы бойынша;
- Оқытушы: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, мамандық;
- Кафедра меңгерушісі: жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және/немесе PhD докторы/ бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесінің немесе ғылыми атағының болуы, ғылыми-педагогикалық қызмет өтілінің немесе басшылық лауазымдарының кемінде үш жыл болуы.
Өтініш беру мерзімі: осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей.
Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні мен уақыты: 19 тамыз 2025 жыл, сағ.18:00-ге дейін (қоса алғанда).
Толық мәліметті келесі мекенжай арқылы алуға болады: 110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Чернышевский көшесі, 59 ғимарат, №115А кабинет. Анықтама үшін телефон: 8(7142)392519, WhatsApp: 8 702 862 5444 (9.00-ден 18.00-ге дейін), е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Өтінішке келесі құжаттар қоса тіркеледі:
- Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- Өмірбаян немесе түйіндеме (еркін нысанда);
- Жоғары немесе жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімі туралы дипломның, ғылыми және академиялық дәрежесі және (немесе) ғылыми атағы туралы дипломдардың көшірмелері (бар болған жағдайда);
- Қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру туралы соңғы бес жыл бойынша сертификаттардың көшірмелері (бар болған жағдайда);
- Ғылыми енбектері және өнертабыстарының тізімі (бар болған жағдайда);
- Жұмыс өтілін растайтын құжаттың көшірмесі;
- Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысандағы медициналық анықтама;
- Конкурс жарияланған күнге дейін бір ай аралығында берілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
- Конкурс жарияланған күнге дейін бір ай аралығында берілген денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша есепте тұрмайтындығы туралы наркологиялық және психоневрологиялық ұйымның анықтамасы.
Конкурсқа қатысушы өтінішін қосымша құжаттарымен бірге конкурсқа қатысу үшін электронды түрде осы хабарландыруда көрсетілген Университеттің электронды мекен жайына жібере алады. Форс-мажорлық жағдайларды есептемегенде, үміткер құжаттардың түпнұсқаларын конкурстық комиссияның отырысы күнінде ұсынады.
Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты (алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар) және біліктілігі мен жұмыс тәжірибесіне қатысты қосымша ақпаратты ұсына алады.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Комментарии