Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

ҚИнЭУ-ге ОҚУҒА ТҮСІП, "KAZENERGY" ҚАУЫМДАСТЫҒЫНАН ГРАНТ АЛ

Бізде қуанышты жаңалық – ертеңнен бастап сіздер өтінім беріп, "KAZENERGY" Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының" грант иегері бола аласыздар. Осы тамаша мүмкіндікті жіберіп алмаңыз! 25 шілде мен 31 тамыз аралығында жоғары оқу орындарында 2025-2026 жылдары оқу үшін "KAZENERGY" грантын алуға үміткерлерді іріктеу конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдау басталады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау және тіркеу ағымдағы жылдың 25 шілдесінен 31 тамызына дейін жүзеге асырылады. Электрондық өтінімді жоғарыда көрсетілген мерзімде https://grant.kazenergy.com/ сайтында толтыру қажет. Конкурсқа қатысу шарттары: 1) Қазақстан Республикасының азаматтығы; 2) оқу орнына сөзсіз қабылдау немесе оқу (білім алушының қаржылық берешегі болмаған кезде); 3) үлгерімнің мынадай көрсеткіштерге сәйкестігі: - ҰБТ сертификаты 80 балл және одан жоғары (максималды 140 балдан); Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің тізіміне, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарына сәйкес шығармашылық даярлықты талап ететін білім беру бағдарламалары үшін: - ҰБТ сертификаты 15 балл және одан жоғары (максималды 30 балдан) және шығармашылық емтихан қорытындысы бойынша ҰБТ сертификаты 65 балдан кем емес (максималды 100 балдан); Қысқартылған оқу мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламаларына немесе бейіндік магистратураға түскен тұлғалар үшін: - ҰБТ сертификаты 40 балл және одан жоғары (максималды 70 балдан); Ғылыми-педагогикалық магистратураға түскен тұлғалар үшін: - КТ сертификаты 90 балл және одан жоғары (максималды 150 балдан); - бакалавриаттың 1 (бірінші) курсына түскен тұлғалар үшін диплом бойынша кандидат үлгерімінің орташа балы кемінде 4,0 (5,0-ден); - бакалавриаттың 1 (бірінші) курсын аяқтаған үміткерлер үшін GРА 3,0 (B) кем емес; - бакалавриаттың 2-3 (екінші, үшінші) курстарында оқуды аяқтаған үміткерлер үшін GРА кемінде 3,33 (В+); - жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық курстарында оқитын кандидаттар үшін GРА кемінде 3,33 (В+); Қажетті құжаттар тізімі: 1) жеке куәліктің/туу туралы куәліктің көшірмесі; 2) алдыңғы білім алғанын растайтын құжаттың көшірмесі; 3) көрсетілген санаттардың біреуін (немесе бірнешеуін) құжаттамалық растау, егер бар болса: көп балалы, аз қамтылған немесе толық емес отбасы, жетім балалар (бала), мүгедектігі бар адам; 4) оқуға қабылдау туралы/оқу туралы анықтама (заңды тұлғалардың оқу курсы мен нысанын, қаржылық берешегінің жоқтығын төлеу үшін 1 (бір) оқу жылы үшін оқу құнын көрсете отырып) қолы қойылған (оқу орнының ресми бланкісінде немесе мөрімен расталған). Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер https://grant.kazenergy.com/ сайтында электрондық өтінімді толтыруы керек. Конкурсқа қатысу сұрақтары бойынша +7 7172-79-49-75 байланыс телефондарына немесе e-mail: candidate @ kazenergy.com хабарласуыңызды сұраймыз.

Комментарии

Пікір

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы