2023 жылдың қарашасы ҚИнЭУ үшін халықаралық деңгейде көрнекті болды!
НӘТИЖЕ ӘСЕРЛІ
Erasmus+ «Қазақстандағы өнеркәсіптік автоматтандыру және робототехника үшін дуальды білім беру / DIARKAZ» жобасының финалдық конференциясы ҚИнЭУ-де қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдерін жинады. Жобаның нәтижелері әсерлі-«Робототехникалық жүйелер» жаңа дуальды-білім беру бағдарламасы және ҚИнЭУ-де бірегей зертхананы іске қосу.
ҚЫТАЙҒА БАҒЫТ
ҚИнЭУ халықаралық ынтымақтастық және жобаларды енгізу орталығының басшысы Жанат ЖАБАСОВА Қытайдағы Халықаралық электрбайланыс одағының жобалық тобының жұмысына қатысты. Huawei жоба тобын жаңа технологияларды сынау бойынша тәжірибе алмасуға шақырды.
ОЙДЫҢ САЛТАНАТ ҚҰРҒАН УАҚЫТЫ
«Дулатов оқулары-2023» ХV Халықаралық ғылыми - практикалық конференциясы әлемге әртүрлі салалар бойынша жаңа әзірлемелер мен ашылулар сыйлады. Конференцияға қоғамдық және саяси қайраткерлер, ҚР жоғары оқу орындарының, жақын және алыс шет елдердің профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.
САРАПТАМАЛЫҚ ДЕҢГЕЙ
Астанада WorldSkills-2023 Ұлттық чемпионатының ашылуы өтті. Жарыс сарапшылары арасында-ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжі директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Евгений Олегович ХОЛИН бар. 535 колледж студенті өз құзыретіндегі үздік атақ үшін бақ сынасуға келді. Жеңімпаздар Қазақстан құрамасына кіріп, 2024 жылдың күзінде Франциядағы еліміздің намысын қорғайтын болады.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІ
Біздің студенттер оны Қостанайдың жаңа smart-орталығында атап өтті. Жастар форумына өңірдің түкпір-түкпірінен шығармашылық жастар, пікір көшбасшылары, белсенділер шақырылды. Оның ішінде ҚИнЭУ студенттері де бар! ⠀
ИНТЕРАКТИВТІ АПТА
ҚИнЭУ әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының ұжымы әдістемелік апта аясында көптеген қызықты іс-шаралар дайындады. Егер дәріс болса, онда викторина форматында. Ал егер ашық сабақ болса, доппен және қозғалыста өтті. Сонымен қатар, танымдық кездесулер, пайдалы шеберлік сыныптары және тәжірибе алмасу болды. ⠀
БҰЛ ЕРЕКШЕ БОЛДЫ!
ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжінде теміржол-экономикалық пәндер ПЦК онкүндігі өтті. Оңкүндіктің жабылуы оның өту барысы сияқты- жарқын, тату әрі креативті аяқталды. Қорытынды концертте бейнероликтер байқауының, WorldSkills іріктеу турының жеңімпаздары, шеберлік-сабақтарындағы үздіктер және ерікті-кәсіби бағдар берушілер марапатталды.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Комментарии