Қаржылық сауаттылық алаяқтарға қарсы
“Қаржылық сауаттылық” біліктілікті арттыру курсының 4-ші күнінде ҚИнЭУ оқытушылары мен қызметкерлері қаржылық алаяқтықтың өзекті мәселелеріне тоқталды. Лекцияны Қостанай полиция басқармасының Солтүстік және Оңтүстік бөлімдерінің жедел криминалистикалық бөлімшелерінің жедел уәкілдері, аға лейтенант Ертан Кенжеғалиевич Қазбаев және аға лейтенант Даниил Викторович Боханов өткізді. Лекция профилактикалық сипатта өтті.
Мамандар ғаламтор алаяқтарынан қалай сақтану керектігіне тоқталып, қаржыны қауіпсіз сақтау жолдарымен бөлісті. Олардың басты ұсынысы – eGov порталы арқылы несие алу мүмкіндігіне шектеу қойып, алаяқтық схемалардан осылайша сақтану.
Комментарии