Студенттер жаттықтырушылар рөлінде: оқудан тәжірибеге дейін
Апта басында "Ақ көгершін" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Альбина Ерохина студенттерге арналған тренинг өткізді, ал бүгін дәл осы студенттер алған білімдерін достарымен және группаластарымен бөлісті. Тренинг тақырыбы отбасылық дәстүрлер, отбасы құндылықтары және гендерлік теңдік мәселелерін қамтыды.
Сабақ барысында қатысушылар өздерінің балалық шақтарын еске алып, отбасыларындағы дәстүрлері мен құндылықтары туралы әңгіме-дүкен құрды. Бұл тренинг Қостанай облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасының "Отбасылық-демографиялық, гендерлік саясат және отбасылық құндылықтар" жобасының бір бөлігі болып табылады.
Студенттер-жаттықтырушылар аудиториямен тез тіл табысып, сенім мен ашықтық атмосферасын бірден орнатты. Олардың бұл тренингтегі шығармашылық көзқарасы мен жоғары дайындық деңгейі байқалып тұрды. Бұл топтағы тренингтердің қызықты әрі тиімді өткенін дәлелдейді.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Комментарии