Кәсіби БАҒДАР
Бүгін, 2025 жылдың 14 сәуірінде біздің команда Заречный ауылындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде болып, ондағы оқып жүрген ынталы және белсенді оқушыларымен танысса, ал мектеп оқушылары біздің университетіміздің білім беру бағдарламаларымен танысты.
Мектеп оқушыларына біздің университетіміздің басқа жоғары оқу орындарында жоқ 5 бірегей мамандық бағыты бойынша кадрлар даярлайтынымыз ерекше әсер етті. Бұл бағыттар оқушылардың болашаққа деген қызығушылығын оятты.
Кездесу барысында оқушылар түрлі байқаулар мен ойындарға белсене қатысып, болашақ мамандықтары мен мансап жолына қатысты сұрақтар қойды. Олардың белсенділігі жоғары бағаланып, әрқайсысы ҚИнЭУ-дың атаулы сыйлықтарына ие болды.
Біз оқушылардың көпшілігі алдағы уақытта біздің университетіміздің студенттері болатынына сенімдіміз.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Комментарии