Аккредиттеудің екінші күні-серіктестермен және жұмыс берушілермен кездесу
Сыртқы сараптау комиссия Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде өз жұмысын жалғастырды. Екінші күн қызу өтті: сарапшылар университеттің тәжірибелік алаңдарын аралап, жұмыс берушілермен кездесіп, ҚИнЭУ-дың аймақтың жетекші ұйымдарымен қаншалықты берік қарым-қатынас орнатқанына көз жеткізді.
Бүгінгі күн экскурсиялардан басталды. Бірінші нысан - «Жемчужина Стомед» медициналық клиникалар желісі. Мұнда қол қойылған меморандум шеңберінде ҚИнЭУ әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының филиалы жұмыс істейді.
Серіктестер университеттің стратегиялық серіктесі — "ҚТЖ "ҰК" АҚ Қостанай филиалында болды. Дәл осы жерде көптеген студенттер тағылымдамадан өтіп, оқу бітіргеннен кейін еңбек жолын сәтті бастайды. Сарапшылар сондай-ақ А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-де, "Allur", «СарыАрқаАвтоПром» және "KamLitKZ", «Baltic Conrtol Каzakhstan», «МТЗ машина жасау зауыты» ЖШС, Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығына барды. Бұл кәсіпорындар студенттердің тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады және одан әрі жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.
Экскурсиялардан кейін комиссия жұмысы университет қабырғасында жалғасты: сарапшылар кафедралардың құжаттарын қарастырып, сабақ-дәрістерге қатысып, жұмыс беруші компаниялардың өкілдерімен, түлектермен кездесті.
Сыртқы сараптау комиссиясының мүшелері университеттің аймақ экономикасының нақты қажеттіліктеріне байланысты мамандарды даярлау жүйесін қаншалықты тиімді құрғанына көз жеткізді.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Комментарии