Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Тарихтың қайғылы беттеріне тағзым

Бүгін №4 жалпы білім беретін мектеп қабырғасында ҚИнЭУ студенттері үшін ерекше кездесу - «Ерлік пен даңқ сағаты» ашық дәріс-экскурсиясы өтті. Бұл іс-шара Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналды. Кездесу алаңы ретінде 66 жыл бұрын құрылған теңдессіз, бірегей 151-ші жеке атқыштар бригадасының Жауынгерлік Даңқ мұражайы таңдалды. Мұражайдың негізін тарих пәнінің мұғалімі Ада Яковлевна Карагодина қалаған. Ол бірде: «Неге соғыс жайлы тек оқулықтардан оқуымыз керек? Неліктен Рейхстагты шабуылдаған адамдардың естеліктерін тыңдамасқа?» — деген ойға келген. Осылайша іздеу-зерттеу жұмысы басталып, нәтижесінде 3,5 мыңнан астам құнды жәдігер жинақталған. Экскурсия нағыз тарихи кезеңдерге толы саяхатқа айналды. Соғыс олжалары, жауынгерлердің жеке заттары, гильзалар мен жарықшақтар — әрбір зат тілсіз болса да, өзінше сыр шертеді. Бір оқушы мұражайдағы заттар туралы айтып: «Қап, шіркін, бұл жәдігерлер сөйлей алса ғой…» — деп шын жүректен қынжылды. Философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Бақытжан Хамитқызы Әлшанова мен әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Фарида Жеңісханқызы Ардабаева өз ойларымен бөлісті: — Мұражайға бару туралы шешім ойымызға ойдланбастан келді. Жеңістің 80 жылдығы — жай ғана күн емес, бұл — тағылымы мол белес. Біз батырлардың ерлігіне тағзым етіп, олардың тағдырын, сынақтарын, ерлік жолын сезінгіміз келді. Кездесу соңында студенттер мектеп ауласындағы Берлин қабырғасының жанына гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен қаза тапқандардың рухына тағзым етті. Иілген бастар, терең тыныштық пен гүлдер — бізге бейбіт аспан сыйлаған жандарға деген алғыс.

 

Комментарии

Пікір

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы