Абайдың ұлылығы - ғасырлар бойы әр жүректе
Биыл біз ұлы ақын, ойшыл және қазақ халқының ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына - 180 жыл. Қостанай инженерлік-экономикалық университеті бұл маңызды оқиғадан тыс қалмады. Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы «XXI ғасырдың білім беру және ғылыми кеңістігіндегі Абай феномені» атты халықаралық панельдік пікірталас ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты — Абайдың рухани мұрасын дәріптеу және көркем сөздің терең мәнін түсіну, оның қазіргі заманғы әлемдегі мәнін анықтау, ұлттық құндылықтарды насихаттау және жастардың Қазақстан мәдениеті мен әдебиетіне қызығушылығын ояту. Дискуссияға еліміздегі және шетелдегі көрнекті ғалымдар, қоғамдық қайраткерлер, саяси партия өкілдері, А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің, З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің, Шракбек Қабылбаев атындағы Қостанай облыстық ІІМ академиясының оқытушылары қатысты. Университет ректоры Арман Оразалиевич Исмаилов қатысушыларға құттықтау сөзін арнады: -Ақын, философ және ағартушы Абай Құнанбаевтың шығармалары әлі күнге дейін өзекті болып қалады. Бүгінгі пікірталас Абайдың мұрасын жаңаша зерделеп, XXI ғасырдың білім беру және ғылыми кеңістігіндегі оның рөлін талқылау үшін тамаша мүмкіндік. Абайдың даналығы мен терең философиялық көзқарастары жастарымызды білімге, ғылымға және мәдениетке ұмтылуға шақырады, — деді ректор. Абай туралы өзекті баяндамасын Түркияның Эгей университетінің Түркі әлемі зерттеулері институтының филология ғылымдарының докторы, профессор Duranli Muvaffak Aliriza ұсынды. Ғалым 2020 жылы Эгей университетінде өткен Абай атындағы халықаралық симпозиумның материалдарымен бөлісіп, түрік зерттеушілерінің қазақ философының шығармашылығына деген қызығушылығының артып келе жатқанын атап өтті. Астана қаласынан келген философия ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Раушан Нұрханқызы Иманжүсіп «Хакім Абай» атты курсын екі тілде оқытатынын айтып, Абай мұрасын терең ғылыми зерттеуге жағдай жасау маңызды екенін атап өтті. Арнайы қонағымыз біздің университетке Гарифолла Есімнің «Жан жағасы» кітабын, ал түрік ғалымына түрік тіліне аударылған «Хакім Абай» кітабын табыс етті. Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының оқытушысы Эльмира Қарымжанқызы Асқарова Абай қазақ тіліне аударған Татьяна мен Онегин арасындағы әйгілі хатты оқып берді, ал университет студенттері ақынның Қара сөздерін оқыды. Абайдың ұлылығы — оның әр жүрекпен сөйлесуге қабілетінде, ғасырларды бағындырып, уақыт пен кеңістік шекараларын жеңе білуінде.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Комментарии