Студенттер белсенділігі – сенімді қолда
Бүгін, 2025 жылдың 29 сәуірінде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік концерт аясында студенттер белсенділігінің төрағалық міндетін тапсыру рәсімі өтті. Екі жыл бойы белсенді қызмет атқарған Аружан Дәулетназарова бұл жауапты міндетті өзінің сенімді серігі әрі көмекшісі Евгения Ярковаға табыстады. Аружан Жастар саясаты департаментінің директоры Жанар Сейілханқызы Нұрғазинаға алғысын білдіріп, оның студенттерге деген сенімі мен алғашқы күннен көрсеткен қолдауын ерекше атап өтті: – Сіз біз үшін тек жетекші ғана емес, шынайы жанашыр бола білдіңіз. Алғашқы қадамдарымызда, алғашқы қателіктерімізде, алғашқы жеңістерімізде әрдайым жанымыздан табылдыңыз, – деді Аружан жүрекжарды лебізінде. Өз кезегінде Жанар Сейілханқызы студенттер белсенділеріне адалдығы мен жігері үшін алғысын білдіріп, жаңа төрайым Евгенияға жаңа студенттік кезеңінде сәттілік тіледі.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Комментарии