Достық пен талант мерекесі
Бүгін, 2025 жылдың 29 сәуірінде Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің қабырғасында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік концерт өтті. Бұл күн ерекше — ол бірден мемлекеттік мереке және бірінші курс студенттерінің дәстүрлі дебютін біріктірді. ниверситет ректоры Арман Оразалиұлы Исмаилов пен колледж директоры Анатолий Иванович Казаков білім алушылар мен оқытушыларды бейбітшілік, достық және келісім мерекесімен құттықтап, Қазақстанда ұлтаралық бірлік пен толеранттылықты сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Құттықтаулардан кейін кәсіби қызметінде ерекшеленген оқытушылар мен қызметкерлерге марапаттар табыс етілді. ҚИнЭУ-дің бас есепшісі Марина Георгиевна Лисогор мен спорт кешенінің директоры Татьяна Александровна Чернышованың ерекше тосынсыйы мерекелік концерттің ажарын арттырды. Олардың шығармашылық қойылымы ешбір көрерменді бейжай қалдырған жоқ. Бірінші курс студенттерінің дебюті концерттің нағыз сәніне айналды. Қазақстанда мекен еткен әртүрлі халықтар сахнада туған жерге деген сүйіспеншіліктерін, Қазақстан халқына көрсеткен мейірімділігі мен қонақжайлылығы үшін алғыстарын білдірді. Әрбір қойылым бірлік пен халықтар достығының рухын сездіре білді. Студенттік өмірде белсенділік танытқан студенттерге марапаттау қағаздары табысталды. Бұл күн ҚИнЭУ-дің дәстүрлерді қадірлейтін, таланттарды қолдайтын және бірлік пен ынтымақты нығайтатын білім ордасы екенін тағы бір мәрте дәделдеді.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Комментарии