Болашақ үшін берік одақ
Бүгін, 2025 жылдың 30 сәуірінде Қостанай инженерлік-экономикалық университеті мен Әулиекөл ауданының Диев жалпы білім беретін мектебі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл қадам – ауыл мектебі мен жоғары оқу орны арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, ауыл оқушылары үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Университет ректоры Арман Оразалиұлы Исмаилов – Диев мектебінің үздік түлектерінің бірі. Оның өмір жолы – өскелең ұрпаққа үлгі, табысқа жетудің айқын бағдары. Кездесу барысында Арман Оразалиұлы университеттің негізгі білім беру бағыттары мен артықшылықтары жайында толық ақпарат берді. Солардың бірі – “Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру, көлікті пайдалану” бағдарламасы. ҚИнЭУ осы бағыт бойынша еліміздің бес облысына бірдей маман даярлап отыр. Сонымен қатар “Логистика” бағдарламасы бойынша университеттің осы саладағы компанияларға жоғары білікті мамандар дайындайтыны айтылды. Ал “Агроэкология” атты тағы бір маңызды бағыт Erasmus+ 101082564 «Development of bachelor program in agroecology with dual education in Kazakhstan / AGROKAZ» халықаралық жоба аясында дамып келеді. Ректор ауыл оқушылары үшін ұсынылатын жаңа мүмкіндіктерге ерекше тоқталды: бір семестр шетелде білім алу, өндірістік тәжірибеден өту, ғылыми жобаларға қатысу – бәрі де ауыл жастары үшін бұрын-соңды болмаған серпін. Бұдан бөлек, инженерлік академия аясында университет екінші жыл қатарынан ауыл мұғалімдеріне ғылыми жұмыс жазу бойынша әдістемелік қолдау көрсетуде. Бұл – шалғайдағы мектептер үшін аса құнды тәжірибе. Бүгінгі кездесу – бұл туған мектебіне қайтып оралып, әріптеске айналған түлек тарихы. Өз тамырына оралу арқылы өзгеге жол сілтеу. Университет пен мектеп арасындағы меморандум – екі жаққа да тиімді, ауқымды жұмыстың бастауы. Ең бастысы – бұл бастама ауыл оқушыларына үлкен серпін беріп, олардың болашаққа нық қадам басуына негіз қалайды.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Комментарии