Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

ҚИнЭУ әзербайжаннан келген қонақтарды қарсы алды

Бүгін Қостанай инженерлік-экономикалық университеті Әзербайжан мен Қырғыз Республикасынан келген қонақтарға өз есігін айқара ашты. Бұл кездесу Қазақстан халқы Ассамблеясының 30-жылдығы мен Қостанай облысындағы «Бірлік» Әзербайжан этномәдени қауымдастығының 30-жылдығына арналды. Құрметті қонақтар қатарында Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы достық республикалық қоғамының вице-президенті Насиха Кенжина, Қырғыз Республикасының «Бирлик» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Хансывар Бахшелиев, Әзербайжанның диаспора істері комитетінің қызметкері Биллуре Алекберова, Әзербайжан тілдер университетінің профессоры Севдагюль Алиева, сол университетінің философия кафедрасының доценті Шукуфа Джаббарова, сондай-ақ Костанай облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сарапшылық тобының мүшелері болды. Олардың бұл іс-шараға қатысуы мемлекетаралық байланыстардың беріктігін және этносаралық диалогтың маңыздылығын айғақтайды. Алыстан ат терлетіп келген қонақтарды жылы шыраймен қарсы алып, оларға қазақтың ұлттық тағамдары мен қымыздан дәм татқызды. Кейін университеттің Қазақстан халқы Ассамблеясының кабинеті мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының кабинеті көрсетілді. Дөңгелек үстел барысында мәдениетаралық ынтымақтастық, дәстүрлерді сақтау және этносаралық келісім мәселелері кеңінен талқыланды. Костанай облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Ғазез мұндай кездесулердің қоғамдағы келісім мен бірлікті нығайтуға ықпал ететінін атап өтті. ҚИнЭУ Президенті Рихсибай Абдурахманұлы Мамедов Қазахстан халқы Ассамблеясы достық пен келісімнің символы екенін, ал университетімізді «кішігірім Ассамблея» деп атауға болатынын тілге тиек етті. Сонымен қатар болашақ жоспарларымен бөлісті: - Қазақ тілін жетік меңгерген, тарихын, мәдениетін құрметтейтін өзге ұлт өкілдеріне кемінде 10 грант бөлуді жоспарлап отырмыз, - деп айтты ол өз сөзінде. Костанай облысы қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ жетекшісі Наталья Рамазанова университетіміздің этносаралық келісімді нығайтудағы рөлін жоғары бағалап, ҚИнЭУ басшылығына Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамаларын қолдағаны үшін алғысын білдірді. Шараның қорытындысы бойынша дөңгелек үстел қатысушылары екі елдің университеттері арасындағы ынтымақтастықты дамытып, тәжірибе алмасуды жалғастыруға деген ниеттерін білдірді. Бұл кездесу әртүрлі этникалық және мәдени қауымдастықтар арасындағы байланыстарды нығайтуда маңызды қадам болып, Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы достық пен ынтымақтастықтың арта түсуіне негіз болды.

 

Комментарии

Пікір

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы