Польшаға аттанамыз!
Бізде сіздермен бөлісетін керемет жаңалық бар! Бүгін М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің бес студенті және екі оқытушысына Польшада тағылымдамадан өту үшін ұлттық визалар берілді. Тағы да бірнеше студент виза алуға дайындалып жатыр. Естеріңізге сала кетсек, биыл ҚИнЭУ мен Green Crops компаниясы арасындағы келісім бойынша біздің студенттерімізде шетелде тәжірибе жинақтау мүмкіндігі пайда болды. Бұл бағдарлама студенттерге тек жоғары бағаланған еуропалық тәжірибе ғана емес, сондай-ақ Шығыс Еуропа елінің мәдениеті мен тұрмысын терең танып-білуге мүмкіндік береді. Жолға жиналатын уақыт келді. Маусым айының басында 19 адамнан тұратын ҚИнЭУ делегациясы Еуропаға аттанады.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Комментарии