«Студенттік көктем – 2025» гала-концертінде ҚИнЭУ жүректерді баурады
«Студенттік көктем – 2025» фестивалінің екінші күні шеңберінде сахнада нағыз жұлдыздар шеруін тамашаладық – бүгін гала-концерт пен қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті. Өңіріміздің жоғары оқу орындары өздерінің ең үздік шығармашылық нөмірлерін ұсынды. Әрбір қойылым – шабыт пен жастық қуатқа толы жарқын өнер туындысына айналғандай. Фестиваль қатысушыларына жылы лебізін білдірген Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы Нарымбетов, өңіріміздің басты байлығы – білімді де талантты жастар екенін ерекше атап өтті. Кештің ең әсерлі сәттерінің бірі – М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің «Жить» әніне қойылған қойылымы болды. Бұл сахналық көрініс көрерменнің жүрегін елжіретті. Студенттермен бірге сахнаға профессор Жеңіс-Нұры Мұрзатайұлы Кужекеев, цифрландыру және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы Алишер Амантайұлы Амантаев, бас есепші Марина Георгиевна Лисогор, ғылыми хатшы Наталья Алексеевна Камышева, спорт-сауықтыру кешенінің директоры Татьяна Александровна Чернышова және мұрағат меңгерушісі Бақыт Қайырбекқызы Қасенова шықты. Залда тыныштық орнады — әр көрермен сахнадағы хикаяны өз жүрегінен өткізді. Қойылым соңында бүкіл зал тік тұрып қол соқты. Көпшіліктің көзі жасқа толды. Бұл — жүрекке жеткен өнердің, шынайылық пен бірліктің жеңісі еді. Гала-концерт барысында үздік деп танылған спортшылар, пікірсайысшылар мен зияткерлік квест қатысушылары марапатталды. Университетіміздің волейболшысы Маржан Жұмағалиева турнирдің ең үздік ойыншысы атанды. Фестивальдің шарықтау шегі — марапаттау рәсімі. Қостанай инженерлік-экономикалық университеті фестивальге белсенді қатысып, жастар шығармашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хатпен және 400 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификатпен марапатталды. Студенттік көктем — бұл жай ғана фестиваль емес, бұл – жастар рухының мерекесі.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии