Ата-аналарды ҚИнЭУ мүмкіндіктерімен таныстырды
ҚИнЭУ өңір мектептерімен кәсіби бағдар жұмысын белсенді түрде жалғастыруда. Жуырда университет өкілдері Тобыл қаласындағы №1 жалпы білім беретін мектебінің жоғары сынып оқушыларымен кездесті. Қабылдау комиссиясының жетекшісі Жеңісгүл Мұратқызы Жұмаш оқу бағыттары, университетке түсу шарттары және ҚИнЭУ-де білім алудың артықшылықтары туралы жан-жақты ақпарат берді. Энергетика және машина жасау кафедрасының оқытушысы Ерғали Болатұлы Болат кездесу барысында ақпараттық буклеттер таратып, қатысушыларға университет бағдарламаларымен кеңірек танысуға мүмкіндік ұсынды.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Комментарии