Мемлекеттік рәміздер - бірліктің нышаны
Ертең, 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні. Бұл – ұлттық бірегейлік пен тәуелсіздік жолындағы маңызын айқындайтын ерекше күн. Осы мерекеге орай ҚИнЭУ-дің әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасында «Мемлекеттік рәміздер – бірліктің нышаны» тақырыбында ақпараттық сағат өтті. Іс-шараға ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Амангелді Болатұлы Шаяхметовпен кафедраның профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Кездесу Мемлекеттік Әнұранды орындаумен басталды. Бұл сәт патриоттық рухты көтеріп, шараның маңызын айшықтай түсті. Кафедра аға оқытушысы Фарида Жеңісханқызы Ардабаева мемлекеттік рәміздердің әрбір қазақстандық үшін тарихи, мәдени және рухани маңызын атап өтті. Мемлекеттік рәміздер – ұлттық рухты күшейтетін, отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілікті тәрбиелейтін маңызды құрал екенін жеткізді. — Мемлекеттік рәміздердің мәні зор. Біз оларды білуіміз, құрметтеуіміз қажет. Әрбір азаматтың жүрегінде патриоттық сезім болуы тиіс. Әнұранның сөзін, ту мен елтаңбаның бейнесін білу — әр қазақстандықтың парызы, – деді проректор Амангелді Болатұлы Шаяхметов өз сөзінде. Кездесу барысында қатысушылар рәміздерге деген құрмет – елдің бірлігі мен тұтастығының негізі деген ортақ пікірге келді.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Комментарии