Көк тудың желбірегені!
Бүгін, 2025 жылғы 4 маусымда Қостанай қаласының орталығында елдігіміздің басты нышандары - Мемлекеттік рәміздерімізге арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік шараға Қостанай инженерлік-экономикалық университеті мен ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжінің ұжымы, оқу орындарының президенті Рихсибай Абдурахманұлы Мамедовтың жетекшілігімен белсенді атсалысты. Салтанатты жиынды ашқан Қостанай облысының әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақалов өз құттықтау сөзінде бұл күннің маңыздылығын атап өтіп, былай деді: «Мемлекеттік саясаттың басты басымдықтары — халықтың әл-ауқатын арттыру және тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету. Қостанай облысы осы бағытта қарқынды дамып келеді және машина жасау, қара металлургия, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу салаларында еліміздің жетекші индустриялық орталықтарының біріне айналуға нық қадам басуда». Іс-шараның ең есте қалар сәті — 20×10 метрлік алып мемлекеттік ту алаңға әкелініп, қатысушылар бір кісідей Әнұранды орындады. Бұл — елге деген құрмет пен патриоттық сезімнің айғағы. Сонымен қатар, сахна төріне түрлі олимпиадалар мен жарыстардың жеңімпаздары көтерілді. Олардың қатарында еліміздің үздік 100 студенттердік қатарына енген ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжінің студенті Нұралы Ожан да бар. ІІМ академиясының курсанттары, мектеп оқушылары, филармония солистері мен вокалдық топтар мерекелік концерттің көркін аша түсті. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, танымал әнші Ибрагим Ескендір Қостанай жұртына патриоттық әндерін тарту етті. Облыс тұрғындарының белсенді патриоттық челленджі көрсетілді. Бұл челлендждің бастау алған қасиетті мекені – ел тарихында өшпес із қалдырған көрнекті қоғам қайраткері, жазушы, Алаш арысы – Міржақып Дулатовтың Бидайық ауылындағы кесенесі болды. Мемлекеттік рәміздер — біздің елдің ұйытқысы, ұлттың мақтанышы. Бұл күн әрбір азаматтың жүрегіне мақтаныш, елдік рух және бірлік сезімін ұялатады.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Комментарии