Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Студенттік Арбат: түлектер болашағын таңдады

Қостанай қаласының орталығы бір күнге нағыз студенттік кеңістікке айналды: музыка, тақырыптық стендтер, еркін қарым-қатынас және облыстың түкпір-түкпірінен келген жоғары сынып оқушылары. Мұның бәрі — «Студенттік Арбат» атты кәсіби бағдар көрмесі. Түлектер колледж және жоғары оқу орындарының өкілдеріне жақындап, буклеттер жинап, сұрақтар қойып, студенттік атмосфераны сезініп қайтты. Әрқайсысының сұрағы әртүрлі болғанымен, бәрінің іздегені бір — мектептен кейін кім боламын? М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті мен ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжінің алаңы жоғары қызығушылық тудырды. Баннерлер, ашық әрі мейірімді студенттер (олардың арасында «Жақсылық бумерангы» еріктілер ұйымының мүшелері де болды), оқытушылар мен қызметкерлер – бәрі де келушілермен ашық әңгіме жүргізіп, оқу бағдарламалары жайлы бөлісуге дайын болды. Біреулер инженерлік мамандықтарға қызықса, енді біреулер кәсіпкерлік колледж жайлы көбірек білгісі келді. Алаңға тек оқушылар ғана емес, ата-аналар, тіпті әжелер де келіп, қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойып жатты. Университет пен колледж өкілдерімен бетпе-бет тілдесу – ешкім жібергісі келмейтін мүмкіндік болды. Көрмені «Жастар рухы» жастар қанаты Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырды. Іс-шара қарапайым кәсіби бағдар көрмесі емес, әр оқушы өзін студенттік ортаның бір бөлігі ретінде сезіне алатын шынайы интерактивті алаңға айналды.

 

Комментарии

Пікір

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы