Студенттер үшін тәжірибе алаңдары кеңеюде
ҚИнЭУ өңірдің алдыңғы қатарлы ұйымдарымен ынтымақтастықты жалғастыруда. Бүгін университет 140-тан астам серіктес- кәсіпорын қатарына тағы бір беделді мекеме - «Қазпошта» АҚ Қостанай облыстық филиалын қосты. Бүгінгі кездесу барысында ҚИнЭУ ректоры Арман Оразалиұлы Исмаилов пен филиал директоры Тлеукүл Төлеуқызы Имашева студенттерге арналған өндірістік тәжірибе мен практикалық оқытуды ұйымдастыруға бағытталған ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл серіктестік аясында ҚИнЭУ студенттері сату және клиенттермен жұмыс, экономика және жоспарлау, IT-технологиялар, логистика және тағы басқа салаларда тәжірибеден өте алады. - Қазіргі таңда ‘Қазпошта’ жүйесінде кадр тапшылығы байқалып отыр. Біздің құрылым – көп салалы, тек пошта қызметкерлері ғана емес, түрлі бағыттағы мамандар қажет. Студенттер үшін бұл – кәсіби ортада шыңдалуға керемет мүмкіндік, – деп атап өтті Тлеукүл Төлеуқызы өз сөзінде. Бұл ынтымақтастық студенттеріміздің кәсіби дамуына үлкен серпін береді деп сенеміз.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Комментарии