Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

ҚИнЭУ мен Жастар рухы - ортақ мақсатта бірікті

Бүгін Қостанай инженерлік-экономикалық университеті мен «Жастар рухы» жастар қанаты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Осы маңызды келісім аясында университет қабырғасында ұйымның ұяшығы өз жұмысын бастады. Кездесуде ҚИнЭУ ректоры Арман Исмаилов университеттің бірегей білім беру бағдарламаларын, студенттердің креативті және жан-жақты қабілеттерін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, ол жастардың бастамаларына әрдайым қолдау көрсетілетінін және бұл бағыт университет үшін басымдылық екенін жеткізді. «Жастар рухы» Қостанай облыстық филиалының төрайымы Аружан Сарсенбаева ҚИнЭУ-мен бірлескен жұмыс бірнеше жылдан бері жалғасып келе жатқанын айтты. Оның айтуынша, ұйым үшін ҚИнЭУ-дың белсенді жастары – ерекше үлгі. «ҚИнЭУ десе, бірден Аружан Дәулетназарова еске түседі. Ол – нағыз көшбасшы. Сол себепті бөлімше төрайымы ретінде оны таңдадық», – деді Аружан Сарсенбаева. «Жастар рухының» басты мақсаты – жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ оларды әлеуметтік және қоғамдық үдерістерге белсенді араластыру. Қозғалыс белсенділері бүгінде мәслихаттардың резервтік тізіміне енген, түрлі қоғамдық кеңестер мен комиссиялардың мүшесі атанып, тіпті депутаттыққа дейін жеткен. Жаңа ашылған ҚИнЭУ-дегі бөлімшенің  төрайымы болып белсенді студентіміз Аружан Дәулетназарова тағайындалды. Шара барысында оған арнайы төсбелгі табысталып, жаңа бастамаға сәттілік тіледі. ҚИнЭУ мен «Жастар рухы» – болашақ көшбасшыларды тәрбиелеу жолында бірігіп, нақты істерге қадам басып отыр.

 

 

 

 

 

Комментарии

Пікір

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы