Спорт, энергия, бірлік - ҚИнЭУ-дағы Денсаулық күні!
Бүгінгі күн Қостанай инженерлік-экономикалық университеті мен КИнЭУ кәсіпкерлік колледжінде ерекше көңілді әрі сергек басталды. Мұнда Міржақып Дулатовтың 140 -жылдығына арналған дәстүрлі «Денсаулық күні» фестивалі өтті. Іс-шараны ҚИнЭУ-дың ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Болат Амангелдіұлы Шаяхметов пен кәсіпкерлік колледжінің директоры Анатолий Иванович Казаков ашты. Олар өз сөздерінде денсаулық – адам өміріндегі ең басты құндылық екенін атап өтіп, барлық қатысушыларға сәттілік, белсенділік және жақсы көңіл-күй тіледі. Оқу ордамыздың студенттері, оқытушылары мен қызметкерлері әр бағытта өздерінің спорттық қабілеттерін көрсете білді. Үстел теннисінде қатысушылар тартысты ойын өрнегін көрсетті. Сондай-ақ баскетбол, волейбол, арқан тарту, дартс, армрестлинг, шахмат, дойбы сияқты спорт ойындарында белсенділік танытты. «Футбол снайпері» сайысында қатысушылар допты қақпаға дәл тигізуге тырысты. «Денсаулық күні» барша спорт сүйер қауымды - студенттерді, оқытушылар мен қызметкерлерді біріктірген шынайы мерекеге айналды. Бұл күн - тек спорттық жарыс емес, шынайы қуаныш, бірлік пен сергектіктің белгісі болды.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Комментарии