ҚИнЭУ және «Республика» - ынтымақтастықтың бастауы
Бүгін Костанай инженерлік-экономикалық университетінің ректоры Арман Оразалиевич Исмаилов пен «Республика» партиясының Қостанай облыстық филиалының төрайымы Манара Амангельдинқызы Мадинина ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Тараптар кәсіпкерлік пен көшбасшылық қасиеттерді дамыту бағытындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты. «Республика» партиясының қатарында жеке кәсібін сәтті жүргізіп жүрген, тәжірибелі кәсіпкерлер мен басқарушылар бар. Олардың әрқайсысының артында өз жолымен келген жетістік тарихы жатыр. Осындай серіктестік студенттерге менторлық қолдау, нақты бизнес-кейстермен жұмыс істеу және тәжірибелік дағдыны меңгеру мүмкіндігін береді.
Кездесу барысында ректор университеттің білім беру бағдарламаларын, мамандықтар бағыттарымен таныстырды. Сонымен қатар, ҚИнЭУ көптеген қоғамдық және іскерлік ұйымдармен ынтымақтастық орнатып, студенттерге тәжірибеге жақын білім беруге басымдық беріп отырғанын атап өтті. Ынтымақтастық аясында алдағы уақытташеберлік сабақтар, тренингтер, кәсіпкерлермен кездесулер, сондай-ақ студенттердің кәсіпкерлік қабілеттерін дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Комментарии